Үстел теннисінен Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынының соңғы күнінде қазақстандық және ресейлік спортшылар өзара жарыс ұйымдастырды деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сында ресейлік Мирон Васильев жеңіске жетті. Ол финалда қазақстандық Ұлықбек Артықметовті жеңген.

Үшінші орынды ресейлік спортшылар Вера Смирнова мен Рамис Туйчиев иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.