Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия мен (38-0, 30 КО) орташа санаттағы IBF және IBO титулдарының қазіргі иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты.

Эрик Гомес айтуынша, Хайме рингті GGG-мен бөлісуге асық, бірақ соңғы сөзді қазақстандық боксшы айтады. «Мунгияның арманы - Головкин. Біз алдын ала келіссөздер жүргіздік және жекпе-жекті өткізе алатынымызды болжап отырмыз. Барлығы Головкинге байланысты – ол мұны қалай ма, қаламай ма», – деп келтіреді EveryBoxing Twitter аккаунты Гоместің сөзін.

Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 2022 жылдың көктемінде өткізуді жоспарлап отыр, қарсыласы WBA Super әлем чемпионы Риота Мурата болмақ.