«Шахтер» ресейлік жартылай қорғаушысы Алан Чочиевпен қоштасты, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, ойыншы командадан келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кетті.

Мәскеулік «Локомотивтің» түлегі қарағандылық клубқа 2021 жылы мамырда ауысып келген. 30 жастағы ойыншы барлық турнирде 20 кездесуге қатысып, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.