Германияның Оберстдорф аймағында "Тур де Ски" додасының үшінші кезеңінде ерлер арасында 15 км қашықтықты еркін жүріспен масс-старт бойынша бәсеке өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасы сапынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало жарыс жолына шықты. Жарыс қорытындысы бойынша Евгений Величко 67-ші болса, Виталий Пухкало 72-ші болып мәре сызығын кесіп өтті.

Масс-старт. 15 км. Еркін жүріс. Ерлер1. Йоханнес Клебо (Норвегия) – 32:26.42. Александр Большунов (Ресей) +3.43. Шюр Рете (Норвегия) +4.0…68. Евгений Величко (Қазақстан) +2:08.8…72. Виталий Пухкало (Қазақстан) +3:02.2