Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған 17 жасар Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.