Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жаңа жыл мерекесіне орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жылдың үздіктерін марапаттады.

Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен «Түркістанды түлеткен» салтанатты жиында өңір басшысы көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиында Өмірзақ Шөкеев биыл Премьер-лигада бақ сынаған «Тұран» футбол клубын марапаттады. Біздің команда 2021 жылдың «Үздік спорт мекемесі» номинациясында жеңімпаз атанды.