UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға жоспарымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

«Биыл қиын, бірақ нәтижелі жыл болды. Операциядан кейін реабилитациядан сәтті өтіп, бір жеңісті жекпе-жек өткіздім. Онда мансабымдағы рекордтық деңгейдегі гонорарды алдым. Келер жылы жарақат болмайды деп үміттенемін. Кем дегенде екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын, үш кездесу өтсе тіпті жақсы.

Жеңісті жекпе-жектен кейін менеджерлерім мен үшін UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды, жаңа келісімшар бойынша бұрынғыдан да көп гонорар төленеді. Сондай-ақ, 2022 жылы 5 наурызда UFC нөмірлі турнирде алғаш рет өнер көрсетемін. Алғашқы кардта шығатынымды естідім. Бірақ бір күні басты кардта және титулды жекпе-жекке шығатыныма сенемін. Бәрі алда! Жаңа жылда мол табысқа жетулеріңізге тілектеспін, ешқашан алған беттен қайтуға болмайды!» - деп жазды Агапова инстаграм парақшасында.