Польша астанасында блицтен ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева чемпион атанды.

Бибісара Асаубаева 14 ұпай жинап, алтын жүлдені жеңіп алды. Екінші және үшінші орынға ресейлік Александра Костенюк (12,5 ұпай) пен Валентина Гунина (12 ұпай) жайғасты.

Бұл қазақстандық шахматшының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін ол жылдам шахматтан (рапид) күміс жүлдені иеленді.

Биыл Бибісара Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.