Конькимен жүгіру спорты бойынша Олимпиада ойындарына іріктеу сындары мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрама командасы жолдама жолындағы тартысты таласта дес берген жоқ. Бейжің төрінде бас бапкер Бабенко шәкірттерінен кімді көретініміз қаңтар айында белгілі болады.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Бабенко айтты.

- Әлем кубогы кезеңдері аяқталды. Олимпиадаға жолдама алған спортшылар тізімі ресми түрде қаңтар айында белгілі болады. Ал қысқы ойындар басталғанша спортшылар елде жаттығу жиынын өткізбекші.

Дайындықтың негізгі бөлігін Нұр-Сұлтанда өткіземіз. Сондай-ақ, Олимпиадаға аттанбас бұрын, елордада бақылау жарыстарын ұйымдастырамыз деген жоспарымыз бар. Жаттығу жиындары жоспар бойынша өтіп жатыр. Спортшыларымыз Олимпиадаға бабында бару үшін бар жағдайды жасаймыз, - дейді бас бапкер.

Айта кетерлігі, Бейжің Олимпиадасында конькишілер додасы 5 ақпанда басталып, 19 ақпанға дейін жалғасады.