Павлодар футбол мектебінің түлегі Изат Құлжанов «Ақсу» сапында жалғасты өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен маусымда Құлжанов барлық турнирде 22 матчқа қатысып, екі гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, ақсулық жартылай қорғаушы биылғы маусымның соңында Бірінші лиганың үздіктер (символдық) командасына енді.