Жазғы спорт түрлері бойынша отандық спортшылар маусымды аяқтап, қорытынды шығарып жатыр.

Тәжірибелі боксшы және бокстан Қазақстан құрамасының экс-капитаны өзінің спорт маусымына баға берді.

- Ескі жылға ешқандай өкпе жоқ. Әуесқой бокста Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне қол жеткіздім. Ал кәсіпқой бокста WBA Gold белбеуін жеңіп алдым. Келесі маусымда да бізді маңызды дүбірлі додалар күтіп тұр. Алда өтетін додаларда топ жарып, Қазақ елін өз жеңістеріммен қуантқым келеді, - дейді боксшы Қамшыбек Қоңқабаев.