Валерий Чуперка «Астана» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екі тараптың ортақ шешімі бойынша, хавбек Валерий Чуперка «Астана» құрамынан кетеді.Валерий «Астана» құрамына 2021 жылғы маусымда қосылған болатын. Алғашқы матчтан бастап жақсы ойын көрсете білген футболшы клуб сапында 25 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 3 ассист берген.«Астана» футбол клубы Валерийге маусым үшін алғыс айтып, футболшы мансабында тек сәттіліктер мен жеңістер тілейді!