Хоккейден жастар арасында Канадада өтіп жатқан әлем чемпионаты ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Халықаралық хоккей федерацияның (IIHF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған турнир қатысушылары коронавирус жұқтырғаны себеп болды.

IIHF президенті Люк Тардифтің айтуынша, COVID-19, оның ішінде «омикрон» штамы тарауы федерацияны «кез келген ықтимал қауіпті тоқтатуға» тырысу үшін Канада мен Альберта хаттамаларын қайта қарауға мәжбүр етті.