Алматыда аралас жекпе-жектен NFC 36 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтың чемпионы Ильдар Құдайбергенов пен үміткер Серікбай Ходажабаев кездесті.

Жекпе-жек толық 5 раунд жалғасып, төрешілер шешімімен Ильдар Құдайбергенов белбеуін қорғап қалды.

Осылайша, Ильдар Құдайбергенов мансабындағы бесінші жеңіске жетті. Ол әлі бірде-бір мәрте жеңілмеген.