Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Алматыдағы NFC 36 турнирінде жеңіске жетті.

«Зулфикар» лақап атымен танымал файтердің қарсыласы бразилиялық Кайк Аленкар болды. Ол мансабында 10 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

NFC 36 турнирінің басты жекпе-жегінің бірі саналған айқаста Асу Алмабаев алғашқы секундтан басым болды.

Екі раунд бойы қарсыласына соққы жасауға мүмкіндік бермеген ол соңғы раундта нокаупен жеңіске жетті.