28 желтоқсанда шаңғымен трамплиннен секіру бойынша «Төрт трамплин турнесі» басталды.

Аталған додаға Қазақстан құрама командасынан Сергей Ткаченко, Данил Васильев және Сабыржан Муминов жарыс жолына шығады.

Айта кетерлігі, дәл осы дода Германияның Оберстдорф қаласында өтеді.

Бүгін іріктеу кезеңі басталады. Одан кейін турнир Гармиш-Партенкирхенге (Германия) ауысады. Эстафетаны Австрияның Инсбрук қаласы қабылдаса, одан кейін жарыс Бишофшофенде (Австрия) аяқталады