Ресейлік Александра Костенюк Варшавада жылдам шахматтан өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік қыз турнирдің соңғы күнінде үндістандық Хампи Конерумен, қазақстандық Бибісара Ассаубаевамен және отандасы Екатерина Лагномен тең түсті. 37 жастағы шахматшының қоржынға тоғыз ұпай салып, бірінші орын алды.

Жалпы есепте екінші орынды қазақстандық Бибісара Ассаубаева (8,5 ұпай) иеленді. Үздік үштікке ресейлік Валентина Гунина (8) кірді. Әсел Серікбай 5-ші орын (7,5), Жансая Әбдімәлік - 11 (7,5), Меруерт Камалиденова - 33 (6), Назерке Нұрғали - 40 (6), Лия Құрманғалиева - 62 ю (5) орын алды.