Англия чемпионатының 20-шы турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Лестермен» ойнап, минималды есеппен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің нәтижесін ойынның 59-минутында «Лестер» шабуылшысы Адемола Лукманның голы шешті.

«Лестер» 25 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орынға көтерілді. «Ливерпуль» өз кезегінде Премьер-Лигадағы жеті ойындық жеңіліссіз сериясын үзді («Ливерпуль» соңғы рет 7 қарашада «Вест Хэм Юнайтедтен» жеңілген - 2:3). Екінші орында келе жатқан Юрген Клопп командасының қоржынында 41 ұпай бар.

«Лестер Сити» (Лестер) – «Ливерпуль» (Ливерпуль) 1:0 (0:0)Гол: 1:0 – Лукман (59)

Фото v24news.com