Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Каратешілер үшін жаңа маусым 18-20 ақпан күндері басталады. Фуджейрадағы "Зайд" спорт кешенінде спортшылар маусымның алғашқы додасында өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетерлігі, 2022 жылы Премьер-лига бойынша бес кезеңі өтеді.

Бүкіләлемдік карате федерациясының күнтізбесіне сәйкес оларды Марокко, Ресей, Португалия және Әзірбайжан қабылдайды.