«Ақтөбе» француз жартылай қорғаушысы Уго Видемонмен екі жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы жартылай қорғаушы Марсель футбол мектебінің түлегі. Ол Францияда «Клермон», «Аяччо» клубтарында, Бельгияда «Тубизеде» және Польшада «Висла Краков» клубтарында ойнады.

Соңғы екі жылын «Жальгирис» сапында өткізіп, Литваның екі дүркін чемпионы атанды.