«Астана» клуб басшылығындағы өзгеріс туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Еңбек келісімшартының мерзімі аяқталғанына байланысты «Астана» футбол клубының спорт директоры Ғани Қайназаров қызметтен кетті.Ғани Әділханұлы – өз ісінің шебері. Клубқа 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысқа тұрып, өзін жауапкершілігі мол маман ретінде көрсете білді. «Астана» футбол клубы Ғани Қайназаровқа клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, мансабының ілгерілеп, еңбек жолында сәттілік тілейді», - деп жазды команданың баспасөз қызметі.