Ресейлік UFC файтері Дамир Исмагулов келесі қарсыласы туралы жаңалыққа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келесі жекпе-жегіме қатысты жағдайды түсіндіргім келеді. Ғаламторда, әлеуметтік желілерде бұл туралы ақпарат қапта жүр. Келесі қарсыласым Насрат Хакпараст жайлы айтатын болсақ. Иә, біз онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді мәлімдеген едік. Бірақ шешімді UFC мен қарсыластың өзі қабылдайды. Ешқандай нақты ақпарат жоқ. Біз хабар күтіп жүрміз. Егер расталса, кездесу болады. Нақтырақ айтсақ, ештеңеге қол қойылмады, ештеңе бекітілмеді», - деді Исмағұлов Instagram желісіндегі Stories бөлімінде.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та жеңіл салмақта өнер көрсететін орынборлық этникалық қазақ Дамир Исмагулов (23-1) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 19 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, UFC Apex) өткізеді деген ақпара шықты. UFC Fight Night турнирі аясында оның қарсыласы ауғанстандық Насрат Хакпараст (13-4) болуы мүмкін екені айтылды.