Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Тобылдың» капитаны клубпен қоштасты.

Клуб басшылығы мен бапкерлік штаб Азатқа командамен бірге жеткен жетістігі үшін алғыс айтты.

«Сары-жасылдар» сапында Азат Нұрғалиев 2006 жылы 8 сәуірде «Энергетикке» қарсы матчта дебютін өткізген. Ол «Тобыл» сапында 226 матч өткізіп, 47 гол соққан.