37 жастағы функционер Серік Сағындықов «Қайсардың» спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін бұл қызметте Талғат Сыздықов болған.

Футболшы болған кезінде Сағындыков «Мегаспорт», «Қайсар», «Жетісу» және «Шахтер» сапында өнер көрсеткен. Ойыншы ретінде карьерасын 2018 жылы талдықорғандық клубта аяқтаған.

Еске салайық, қызылордалық клубтың жаңа директоры Жағыппар Жұмахметов болған еді. Ал команданы Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады.