Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA «суперчемпионы» Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек көктемге дейін өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дереккөздер мәліметінше, Муратаға қарсы жекпе-жек ақпанға шегерілуі мүмкін, GGG жеңіске жетсе, сыйқырын қайтаруы үшін келесі жылы тағы екі кездесу өткізуі қажет», - деп жазды инсайдер Майк Коппинджер.

Бұған дейін жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған, бірақ Жапониядағы карантин шараларына байланысты кездесу шегерілген еді.

Осылайша, Головкин 2021 жылы жекпе-жек өткізген жоқ.