Дүйсенбі, 27 желтоқсанда, Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards жүлдесін табыстау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спорт24 сайтына сілтеме жасап.

«Манчестер Юнайтедтің» португалиялық футболшысы Криштиану Роналду да марапатталды. 36 жастағы футболшы тарихтағы үздік сұрмерген атанды.

«Манчестер Юнайтедтен» бөлек Роналду «Спортинг», «Реал» және «Ювентусте» ойнаған. Клубтық деңгейде Роналду 913 матчта 687 гол салған. Сонымен қатар Португалия құрамасы сапында 184 матчта 115 гол соққан.