«Барселона» «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлинг пен «Челсидің» жартылай қорғаушысы Хакиме Зиешті сатып алу идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның Twitter-дегі ақпаратына сенсек, каталониялық клуб қысқы трасферлік кезеңде шабуылшы Ферран Торресті ғана қатарға қосады.

Бұған дейін Торрестің Испанияға Испанияға ұшып келгені, енді ол медициналық тексерістен өтіп, «Барселонамен» келісімшартқа отыратыны жайлы хабарланған болатын. Осы маусымда шабуылшы «Манчестер Сити» сапында жеті ойынға қатысып, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.