ҚХЛ аясында өткен «Ак Барсқа» қарсы ойында (23.12.2021) «Барыс» шабуылшысы Коди Куник жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Медициналық тексеруден өткен хоккейші жарақат алғандардың тізіміне ауыстырылды, ол команданың жақында өтетін кездесулеріне қатыса алмайды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Куник 33 матчқа қатысып, 14 (5+9) ұпай жинады.