Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-орнын сақтап қалды.

Юлия Путинцева бұрынғысынша 42-орында, Зарина Дияс 102-орында келеді.

Көш басында үздік үштік өзгерген жоқ. Аустралиялық Эшли Барти бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, испаниялық Гарбинье Мугуруса үшінші орында тұр.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, қытайлық тайбэйлік Се Су-Вей алда келеді.

Қазақстандықтардан Е.Рыбакина 50-орнын, Анна Данилина 75-орнын сақтап қалса, З.Дияс 179-орыннан 180-орынға сырғыды. Қазақстандықтар жаңа жылдағы жарыстарды сәтті өткізсе, рейтингіде жоғарылайтыны анық.