Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дмитрий Шевченконы омскілік «Авангардтағы» серіктестері «Йокеритке» (5:1) қарсы матчтың үздік ойыншысы деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде Шевченкоға бокс қолғаптары табысталды – біреуі қара түсті, екіншісі қызыл түсті.

«Қолдауларыңызға рақмет, біздің команда өте керемет! Осылай жалғастырайық, барлығына сәттілік!» – деді қазақстандық хоккейші.

Фото hawk.ru