Бүгін Нұр-Сұлтанда қазақстандық танымал ММА спортшылары қатысқан грэпплингтен Arlan Grip Pro 13 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Турнирге құрметті қонақ ретінде Қайрат Ахметов те барды. Кеш соңында файтер аталған кеш туралы пікір білдіріп, өзінің келесі жекпе-жегі туралы сұраққа жауап берді.

«Маған Адриано Морайес немесе Деметриус Джонсонмен кездесетінімді айтты. Сөзсіз осы екеуінің бірі, ал мен үшін айырмашылық жоқ. Белбеу үшін жекпе-жек өткізсем болады, бірақ Деметриус Джонсонды ұсынса, бас тартпаймын. Бұл бомба болады», - деді Ахметов.

Айта кетейік, 17 желтоқсанда өткен One Championship турнирінде жерлесіміз филиппиндік файтер Дэнни Кингадты жеңген болатын.