Ақтөбелік Динара Дүйсенбаева әмбебап жекпе-жектен боз кілемде топ жарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Полиция майоры Түркияда өткен біріншілікте бас жүлдені иеленген. Бұл спортшының халықаралық дәрежедегі алғашқы алтын медалі. Динара бұған дейін бірнеше рет дүние жүзілік додада жүлдегер атанған болатын.

Динара Дүйсенбаева алғаш рет кимоно киіп, боз кілемнің бетіне 5 сыныпта шыққан. Содан бері дзюдоның әдіс-тәсілдерін игеріп, үздіксіз жаттығып жүр. Кәсіби спортшы болуды бала күнінен армандаған соң дарындыларға арналған мектеп-интернатты да тәмәмдаған. Ал әмбебап жекпе-жекпен осыдан үш жыл бұрын шұғылдана бастапты.