Орта және супер орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Феликс Штурм белбеуге қайта жетуге тырыспақ.

Ол 26 наурызда Германияда IBO белбеуіне үміткер атану үшін венгриялық Иштван Силимен кездеседі.

«Мен жұдырықтасу үшін туғанмын. Сондықтан қайта чемпион болу үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін», - дейді боксшы.

Аталған жекпе-жекте Феликс Штурм жеңіске жетсе Данияр Елеусіновке тиесілі IBO чемпиондық белбеуіне үміткер болады.