«Қайраттың» бразилиялық экс-шабуылшысы Вагнер Лавты «Химки» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Спорт-Экспресс басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, «Химкидің» бас директоры қызметіне келетін Владимир Габулов бразилиялық футболшыны командасына шақыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, Вагнер Лав алматылық «Қайрат» сапында 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қарашасына дейін өнер көрсетті. Қазақстан кубогінде «Шахтерге» қарсы өткен финалдық ойыннан кейін бразилиялық шабуылшы «Қайраттан» кететінін мәлімдеді.