Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің байлығын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG 2020 жылдың желтоқсанынан бері жұдырықтаспаған. Биыл желтоқсанда Жапонияда Риота Муратамен жұдырықтасуы керек болған, алайда кездесу өтпей, 2022 жылдың көктеміне шегерілген.

«Жекпе-жек өтпеуі Головкиннің танымалдығына нұқсан келтірді, өйткені ол көпшіліктің назарында қала алмады, бірақ бұл оны алаңдата ма, жоқ па - белгісіз. Головкин мансабын аяқтауға жақын. Шынын айтқанда, Головкин карьерасын аяқтамас бұрын бір-екі жекпе-жек өткізетін шығар. Celebrity Net Worth деректері бойынша, Головкиннің байлығы - 30 миллион доллар. Егер Головкиннің мұндай байлығы болмаса, ол баяғыда кездесу өткізер еді», — деп жазылған мақалада.