Қазақстандық Анна Данилина үндістандық Пунадағы ITF W25 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жапон жұбы Фуна Козаки/Мисаки Мацуданы 6:0, 2:6, 10:5 есебімен жеңді.

Анна, осылайша, осы маусымда ITF World Tennis Tour аясындағы тоғызыншы титулын иеленді, карьерасында 23 рет топ жарды. Сонымен қатар, Данилина биыл алғаш рет Польшадағы WTA 250 турнирінде жеңіске жеткен.