FIFA 22 киберфутболшысы Нұрбақыт «Nurbаа» Мирғали ALAMAN: Almaty 2021 аясында қарсыласы Әбдіқадыр «abodykz» Абылайханды 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ALAMAN Main 3 гранд-финалында өткен FIFA 22 матчында Нұрбақыт «Nurbаа» Мирғали мен Әбдіқадыр «abodykz» Абылайхан 3:0 есебімен «Nurbаа» лақап аты бар киберфутболшы жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, ALAMAN: Алматы-2021 шарасының жалпы жүлде қоры 7 миллион теңгені құрады.

Жүлде қорын ойындар арасында бөлу келесідей:

CS: GO - 2 700 000 теңге;FIFA 22 - 800 000 теңге;StarCraft II – 800 000 теңге;Dota 2 - 2 700 000 теңге;Clash Royale - iPhone 13.