Қазақстандық теннисші Анна Данилина Үндістанның Пуна қаласында өткен әйелдер арасындағы жұптық халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен жұптасып, чемпион атағын жеңіп алды. ITF Women25 Pune турнирінің финалында қазақстандық-украиндық жұп жапон теннисшілері Фун Козаки / Мисаки Мацуданы - 6:0, 2:6, 10:5 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші қазір әйелдер арасындағы жұптық рейтингте 75-орында тұр.