Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

pro_mma.kz Instagram-парақшасының мәліметінше, Дамир Исмағұлов ақпанда октагонға шығады. Әзірге қарсыласыз белгісіз.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов Лас-Вегастағы UFC Fight Night 188 турнирінде бразилиялық Рафаэль Альвестен төрешілердің шешімі бойынша басым түскен еді.