Челябинскілік «Трактор» ҚХЛ-да «Барысқа» қарсы матчқа арналған бірегей киімді таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» - «Трактор» матчы ертең өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

«Трактордың» хоккейшілері қазақстандық клубпен кездесуге өз командасының 74 жылдығына арналған жейдеде шығады.

Кейінгі ойында «Трактор» Череповецтің «Северсталь» командасын 6:1 есебімен жеңсе, қазақстандық «Барыс» Қазандық «Ақ Барысқа» есе жіберді (5:3).