«Интердің» жартылай қорғаушысы Стефано Сенсиді А Сериясының «Ториноға» қарсы ойын кезінде белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды Prospots.kz.

Сенси футбол ойнап жатқан кезде оның пәтеріне ұрылар, болжам бойынша, ас үй терезесі арқылы кіріп кеткен. Қаскүнемдер шамамен 200 мың еуроны жымқырған.

Сенси кейінгі уақытта А сериясында тоналған бірінші футболшы емес. «Наполи» футболшысы Адам Уна, «Дженоа» қақпашысы Сальваторе Сиригу және «Удинезенің» аңыз ойыншысы Антонио ди Натале де тоналған болатын.