Қорғаушы Алексей Грищенко «Алтай-Торпедодан» кетті. Өскемендік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда 31 жастағы қорғаушы 27 матч ойнап, нәтижелігі үшін 4 (1+3) ұпай жинады.