«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Даррен Дицтің сүйіктісі Іңкәр Instagram парақшасында Мәскеудің ЦСКА командасының жаңа жылдық корпоратив кешінде хоккейшімен бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ұмытылмас түн. ЦСКА-2022 кеші», - деп жазды Іңкәр.

Бұған дейін қазақстандық «Барыс» алмасу туралы келісімге келген болатын. Даррен Диц Мәскеу командасына ауысады, ал қазақстандық құрама ақшалай өтемақы алады.