Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (12-2, 5 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Виктор Коточигов кейінгі рет 2021 жылы 12 наурызда шаршы алаңға шыққан. Онда отандасымыз жеңіл салмақтағы WBO European титулы үшін жекпе-жекте британиялық Гэри Каллиден (13-0, 7 КО) нокаутпен жеңілді.