Мәскеуде өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қарсыластарымен көз түйістірді. ⠀Бұл кеште Бек Нұрмағанбет (5-0, 3КО) колумбиялық ардагер Хосе Мигель Торреспен (33-11, 27КО) кездеседі. Евгений Павлов (5-0, 4КО) венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18КО) жұдырықтасады. Ал Данила Семеновтің (4-0, 2КО) қарсыласы аргентиналық боксшы Пабло Фариас (32-5, 17КО) болады.

Айта кетейік, бокс кеші бүгін, 24 желтоқсанда Мәскеуде «Крылья Советов» спорт кешенінде өтеді.