Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) павлодарлық Аятолла Тәкіжановты жеңіп, чемпион атанды.

Ал 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан) топ жарды. Ол финалда Жәнібек Қартбаевты (Ақтөбе облысы) жеңді.

86 келі: Сағындық Тоғамбай (Нұр-Сұлтан) финалда Мәди Әміровтен (Алматы) басым түсіп, Қазақстан чемпионатының алтын медалін алды.