Үстел теннисінен Германия чемпионатында 2021 жылдың соңғы матчтары өтті.

Қатарынан төрт ойында жеңіліске ұшыраған «Вердер» командасы өз алаңында «ASV» клубын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуді жеңіспен аяқтаған спортшылар қатарында қазақстандық Кирилл Герасименко да бар.

Маттиас Фальк («Werder») - Тобиас Расмуссен («ASV») 3:0

Кирилл Герасименко («Werder») - Ван Си («ASV») 3:0

Хунор Сеч («Werder») - Рикардо Вальтер («ASV») 1:3

Маттиас Фальк («Werder») - Ван Си («ASV») 3:1.