Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака Семейдегі «Абай Арена» спорт кешенінде болып, осы қалада футзал клубы құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қаламен, мынадай әдемі аренамен танысып жатырмын. Футзалдан Қазақстан чемпионатына қатысатын тағы бір команда құру мүмкіндігіне ие болғанымызға және Семейге футболдың оралғанына өте қуаныштымын. Бұл осы қала мен Қазақстанда спортты дамытуға оң әсер ететін тамаша жоба болады деп сенемін», - деді бразилиялық маман Инстаграм желісінде жарияланған бейнесұхбатта.