Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева «Мяч пойнт» Youtube арнасына берген сұхбатында Australian Open турниріне қатысатын-қатыспайтыны туралы және Австралияның ашық чемпионатына қатысу үшін міндетті болып табылатын коронавирусқа қарсы екпе алды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Юля, сіз Австралияға барасыз ба?

– Иә, барамын.

– Құпия болмаса, қашан?

– Әзірге білмеймін. Алдағы бір жарым аптада шығар.

Australian Open болмаса, сізге вакцина алар ма едіңіз?

– Иә дегеннен гөрі жоқ.

– Яғни, сіз жақында ғана вакцина алдыңыз ба?

– Индиан-Уэллс турнирінен кейін маусымды аяқтап бірден алдым.

Фото instagram.com/yulia_putintseva