23 желтоқсанда Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты тұрақты кезеңі аясында «Астана» баскетболшылары «Ақтөбе» командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел біріншілігінің матчтарында елордалықтар 8 жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. 10 кездесудің 4 жеңіп ақтөбеліктер үшінші орында келеді.

«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы матчтың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады.

Фото nbf.kz